ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫ ҰЙЫМДАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ
Қарағанды облысында мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын оңтайландыру сұрақтары талқыланды.
Облыс басшылығымен бұл мәселені зерделеу және талқылау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова Қарағанды облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.Мемлекеттік органдардың бағынысты ұйымдарын оңтайландыру Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген тиімді мемлекеттік басқаруды одан әрі құру міндетін іске асыру үшін жасалатын болады.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың қатысуымен Агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шаимованың облыс активімен кездесуі өтті. Кездесуде мемлекеттік органдардың ведомстволық ұйымдарында персоналды басқарудың неғұрлым тиімді жүйесін құру бойынша бірлескен іс-шаралар талқыланды.
Сапар барысында Айгүл Шаимова Абай ауданының, Қарағанды және Шахтинск қалаларының білім беру, мәдениет және спорт салаларының ведомстволық ұйымдарында болды.
Болашақта Қарағанды облысының әкімшілік шығыстарын төмендетудің оң тәжірибесі еліміздің барлық өңірлерінде қолданылатын болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Комментарии