Алматы облысында да жолсеріктермен келісімге келуге болады

СНКР - Kapinfo.kz |

Ағымдағы жылы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Алматы облысының Арнайы мониторинг тобының мүшелерімен бірлесе Алматы облысының Үштөбе қаласының темір жол бекетінің қызметіне «Жасырын тұтынушы» тәсілі арқылы мониторинг жүргізді.

Іс-шара барысында, Үштөбе темір жол бекетінде «Алматы-Павлодар» бағытындағы жолаушылар пойызымен делдал арқылы заңсыз жол жүруге болатыны және бұндай кемшіліктер барлық бағыттағы пойыздарда орын алатыны анықталды.

Темір жол кассасының қызметшілерінің айтуынша маусым кезеңінде демалушылар санының көбеюіне байланысты, темір жол билеттері қыркүйек айына дейін тапшы, ал жолсерікпен келісу арқылы қалаған жеріңізге жетуге болады екен.

Мысалы, Үштөбеден Павлодарға 7 мың теңгеге жолсерікпен келісіп жетуге болады екен (видео).

Бұл сұрақтың ел көлемінде кездесіп отырғанын ескеріп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бақылауға алды. Алдағы уақытта аталған кемшіліктерді жою үшін «Ұлттық компания Қазақстан Темір жолы» АҚ қызметкерлерімен бірлесе шаралар қабылданатын болады.

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
132
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫ ҰЙЫМДАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ
'); if("undefined"===typeof loaded_blocks_directadvert){loaded_blocks_directadvert=[]; function n(){var e=loaded_blocks_directadvert.shift(); var t=e.adp_id; var r=e.div; var i=document.createElement("script"); i.type="text/javascript"; i.async=true; i.charset="windows-1251"; i.src="//code.directadvert.ru/data/"+t+".js?async=1&div="+r+"&t="+Math.random(); var s=document.getElementsByTagName("head")[0]||document.getElementsByTagName("body")[0]; s.appendChild(i); var o=setInterval(function(){if(document.getElementById(r).innerHTML&&loaded_blocks_directadvert.length){n(); clearInterval(o)}},50)} setTimeout(n)}loaded_blocks_directadvert.push({adp_id:e,div:t})})(1176565)