1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай жарияланған өңірлік «Өзгеріске 25 қадам» акциясының аясында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қаламыздың кішкентай бүлдіршіндерін жаздың бірінші күніне дәл келетін, балаларды қорғау күнімен құттықтап «Kids party» атты мерекелік бағдарламаны ұйымдастырды.
Аталған іс-шара Талдықорған қаласы кәсіпкерлерінің қолдауымен өткізілді (Party Food, Склад игрушек, Arlan Family, Handmade Olga, Lavka Chudes, Craft Studio, Train Your Brain).
«Kids party» мерекесінде қаламыздың кішкентай тұрғындары тақпақ айтып, би билеп сурет салудан да сайысты.
Бүлдіршіндер асфальттың үстіне «Қазақстанның болашағы» деген тақырыбында түрлі-түсті қаламмен сурет салып, өз өнерлерін паш етті.
Бейбіт аспанда нұрын шашқан күн, оның сәулесіне шомылған Бәйтерек, ал қасындағы үйлердің ауласында көптеген бала ойнап жүр. Бүлдіршіндер «Қазақстанның болашағын» осылай бейнеледі. Бүлдіршін болса да ол бақытты балалықтың қандай екенін біледі.
Мерекенің сонында ең жақсы сурет салған балапандарымыз естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Комментарии