Ярмарка государственных услуг в Талгарском районе
СНКР - Kapinfo.kz |Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың нұсқауларына сәйкес цифрлық мемлекетке көшу, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда көрсету бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен Талғар ауданының әкімдігі 2018 жылдың 1 маусым күні, сағ: 10-00 да, Талғар қаласындағы «Талғар» (бұрынғы Альпина) сауда үйінің алдында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізді. Жәрменкеге Талғар ауданының 12 мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары қатысып, 50-ге жуық азаматтарға мемлекеттік қызметтердің стандарттарымен регламентері түсіндіріліп, 100-ге жуық брошюралар таратылды. Аталған іс-шаралар үнемі өткізіліп тұратын болады. Келесі мемлекеттік қызметтер жәрменкесі, жылдық жоспарға сәйкес 2018 жылдың 7-ші шілдесінде әр ауылдық округте өтеді.
Комментарии