ПАВЛОДАРДА ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ
Бүгінгі күннен бастап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет органдары құрылғанының 20 жылдығына орай, Павлодар қаласында әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан республикалық турнир өтуде.
Атаулы сайысқа қатысуға Жетісу жерінен де жарап тұрған жігіттер жол тартты. Біздің команда төмендегі құрамда сапталды:
1. Абсаматов Өміржан Әбдіжадилұлы – Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
2. Беккулов Марлен Сабырұлы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы
3. Дуанаев Еркебұлан Жақанұлы – Кербұлақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
4. Ержанұлы Санжар – Алматы облыстық табиғи ресурстар басқармасының бас маманы
5. Ибраев Серікжан Берікұлы – Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округінің әкімі
6. Қабдыкәрімов Жәнібек Болатханұлы – Іле ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы
7. Махатов Біржан Манатұлы – Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
8. Наурызбек Азамат Серiкұлы – Көксу ауданы Мұқыры ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
9. Нүсібалинов Мәлік Аманбекұлы – ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары бас маманы
10. Рысбеков Ринат Зейлханұлы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы
11. Сәтібаев Алмасбек Қожабекұлы – Іле ауданы әкімінің орынбасары
12. Шайзанов Болат Мұратұлы – Талдықорған қаласының әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы
Ойыншыларымызға сәттілік тілейік!
Комментарии