АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ МАМАНДАРЫНА ДӘРІС
Ағымдағы жылы 08 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Қажмұханұлы Орал Алматы облысының ауылшаруашылық басқармасының қызметкерлеріне "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру" тақырыбында семинар-лекция өткізді.
Семинар барысында басқарма қызметкерлерімен бірқатар сұрақтар талқыланып, Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндалды. Сондай-ақ, еліміздегі өткізіліп жатқан іс-шаралардың сыбайлас жемқорлық деңгейіне ықпалын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
Комментарии