ӘДЕПТІЛІК ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ ДӘРІСІ

СНКР - Kapinfo.kz |

Бүгін, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Еркінбек Абиров Алматы облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы мен облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасында кездесу өткізді.

Жиынның негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметкерлердің жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын және қызметтік тәртіпті сақтаудың профилактикасына бағытталған болатын. Кездесу барысында, мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтап, өздерінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы атқаруға, жумыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану туралы кеңестер беріліп, біраз мәселе талқыланды.

Сонымен қатар, басшылық құрамға да қызметкерлердің еңбегінің нәтижелерін бағалап, көтермелеу мен жазалау кезінде әділ болуды, қызметтен тыс уақытта жұмыс орнында себепсіз ұстамау, қызметтік көлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану туралы мәселелер айтылып, жеткізілді.

Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі күрделі бәсекелестік кезеңде мемлекеттік қызметкерлердің әдебіне, қызметіне, кәсіби біліктілігіне жоғары талап қойылып отыр. Сол үшін күнделікті өз-өзіңді дұрыстап, істеген істерің мен сөйлеген сөзіңе мән беріп, есеп беріп, түзетіп отыру қажет.

Осындай тәлім-тәрбиесі мол шаралар әлі де жалғасын тауып, жүйелі түрде өткізілетін болады.

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
40
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫ ҰЙЫМДАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ
'); if("undefined"===typeof loaded_blocks_directadvert){loaded_blocks_directadvert=[]; function n(){var e=loaded_blocks_directadvert.shift(); var t=e.adp_id; var r=e.div; var i=document.createElement("script"); i.type="text/javascript"; i.async=true; i.charset="windows-1251"; i.src="//code.directadvert.ru/data/"+t+".js?async=1&div="+r+"&t="+Math.random(); var s=document.getElementsByTagName("head")[0]||document.getElementsByTagName("body")[0]; s.appendChild(i); var o=setInterval(function(){if(document.getElementById(r).innerHTML&&loaded_blocks_directadvert.length){n(); clearInterval(o)}},50)} setTimeout(n)}loaded_blocks_directadvert.push({adp_id:e,div:t})})(1176565)