ЖАРКЕНТ ГУМАНИТАРЛЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕГІ КЕЗДЕСУ
Ағымдағы жылы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Карбозова Меруерттің қатысуымен Жаркент гуманитарлық-техникалық коледжінің студенттерімен және еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында «Саналы ұрпақ» жобасы толыққанды талқыланып, еліміздегі өткізіліп жатқан іс-шаралардың сыбайлас жемқорлық деңгейіне ықпалын анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Сонымен қатар, аталған колледжде «Саналы ұрпақ» студенттік клубы құрылып, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жұмыстарын жүргізуде.
Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
Комментарии