ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ШЕШІМДЕРІНЕ ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасымен 2018 жылғы 28 сәуірде Жасасқан өзара ынтымақтастық туралы Жол картасы аясында реттеушілік құралдарды тауып алу мақсатында 2016-2017 жылдарғы жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілеріне, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдеріне, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларына, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдеріне түгендеу жұмыстарын жүргізуде.
2018 жылы 15 мамырда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінде «Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдау жүргізу қағидалары» тақырыбында семинар-жиналыс өткізілді. Аталған іс-шараға Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының, Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасының, Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының және Алматы облыстық мәслихатының қызметкерлері қатыстырылды.
Комментарии