САНАЛЫ ҰРПАҚ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен 2018-2020 жылдарға арналған «Саналы ұрпақ» жобасы іске қосылды.
Осы бастаманың негізгі мақсаты - замануи тиімді механизмдерді пайдалана отырып сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге және білім саласының барлық мекемелерінде осы індетке қарсы жұмысты жұмылдыруға бағыттылған іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Жоба барлық білім беру ұйымдарында және білім берудің барлық деңгейлерінде 2018 – 2020 жылдары аралығында жүзеге асырылып, тәрбие және білім беру жүйесіндегі мекемелерді қамтитын болады.
Яғни, жобаның толыққанды жүзеге асырылуын барлық білім беру саласының қызметшілері және ата - аналар қолдап, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендетуге өз үлестерін қосуы маңызды.
Құрметті ата-аналар және жастар, Алматы облысы аумағында "Саналы ұрпақ" жобасы жүзеге асырылуда!
Егер сіздер білім және тәрбие саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыздар, хабарласуларыңызды сұраймыз.
Комментарии