Меритократия қағидаттарын енгізу туралы
28 маусым күні сағат 16.00 де "Рухани Жаңғыру" орталығының мәжіліс залында мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялардың және бюджеттік ұйымдардың кадрлық саясатына меритократия қағидаларын енгізу жөніндегі іс-шаралар Жоспарын, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру кешенді Жоспарын орындау мақсатында және Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік ұйымдардың кадрлық саясатына меритократия қағидаттарын енгізу туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, оларға бағынысты ведомстволық ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Шара барысында шекті келісім жасаудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, шекті келісімді жасау тәртібі мен оның орындалуы және меритократия қағидатын ведомстволық ұйымдарға енгізілуі жөнінде кеңінен айтылды.
Комментарии