АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАҒДАЙЫ
Ағымдағы жылы 12 маусымда Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі Департамент) ұйымдастыруымен «Алматы облысындағы қоғамдық бақылау» тақырыбында БАҚ үшін брифинг өтті.
Брифингке Департамент Басшысы Серікбай Нұрғисаев, Алматы облысының арнайы мониторинг тобының мүшелері Қайрат Нұрханов, Баниямин Файзуллин және арнайы мониторинг тобының жетекшісі Дания Қыдырбаева қатысты.
Өз сөзінде С. Нұрғисаев: «Қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруды бағалау және сыртқы талдаудың арнайы мониторинг тобы (бұдан әрі Арнайы мониторинг тобы) Департамент жанында тұрақты жұмыс істейді.
Арнайы мониторинг тобының құрамына «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің, білім беру саласының, Азаматтық Альянстың өкілдері, БАҚ өкілдері, «Атамекен» ҰКП Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, сондай-ақ Департаменттің және Алматы облысы әкімі аппаратының қызметкерлері кірді.
Қоғамдық бақылау аясында Арнайы мониторинг тобы мүшелері Панфилов, Ұйғыр, Кеген, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында және Талдықорған қаласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына мониторинг жүргізді. Алматы облысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер талаптарымен танысу нәтижесі бойынша Арнайы мониторинг тобы мүшелерімен кемшіліктер айтылып, оларды жою үшін жауапты тұлғаларға нақты ұсынымдар берілді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 14-15 маусымында Алматы облысына жұмыс сапарымен республикалық Арнайы мониторинг тобының мүшелері келеді. Республикалық Арнайы мониторинг тобы жұмыс іс-сапары кезінде облыстың Панфилов және Ұйғыр аудандарына баруды жоспарлауда.» - деп атап өтті.
Комментарии