Пресс-Центр "Капшагай" → «Бұлақ көрсең көзін аш!»
СНКР - Kapinfo.kz / Шеңгелді ауылдық округ әкім аппаратының ұйымдастыруымен, «Бұлақ көрсең, көзін аш!» атты экологиялық тазалық акциясы өтті.
Айлық мақсаты- қоршаған ортаны қорғап, аялау. Яғни, әр отбасы, әр тұрғын өзінің үйінің айналасынан бастап тазалап, артық заттардан ырылу ісімен шұғылдануы қажет. Осы мүддемен Шеңгелді ауылының халқы ауызбіршілікпен ауласын, маңайын, өзен арнасын және бұлақтардың айналасын тазалап, ауыл көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді.
Бұл сонау ата- бабамыздан келе жатқан дәстүрлі іс десек те болады. Қазiргі күні осы игі іс қолға алынып, ауылда арықтарды тазалау, жаңаларын салу жұмыстары қауырт басталып кетті.
Экологиялық акцияға, бүтін Шеңгелді ауылының мекеме қызметкерлері, дәрігер, полиция мамандары, мектеп оқушылары мен ұстаздары, 2 әскери бөлімі, жалпы, ауыл тұрғындары өз көмектерін көрсетті. Аталмыш жұмысқа бас-аяғы 1532 адам қатысты.
Сондықтан, мұндай қоғамдық іс барша қауымға, кейінгі жасқа, тіпті аға буын өкіліне үлгі, өнеге болары сөзсіз.
Комментарии