СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ҰЙҒЫР АУДАНЫНДА

Облыстық мобильді топ Ұйғыр ауданында болып қайтты. Аталған аудандағы іссапар барысында келесі орындардарда кездесулер мен қабылдаулар жүргізіп, тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді:

Алғашқы кездесу Ұйғыр ауданына қарасты Шарын ауылындағы шаруа, диқандармен өтті. Өз кезегінде СПК «Албеков» қатарындағы шаруалар суармалы егіндікке қажетті су мәселесін көтерді.

Осы ауылдағы М.Хамраев атындагы орта мектепте Шарын ауылының белсенділерімен кездесу өтсе, келесу ақпараттық-түсірдірме жұмысы аудан орталығы Шонжы ауылындағы аудандық кітапханада әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, мүгедектер үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.

Ұйғыр ауданындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмысының аясында Шонжы ауылының орта мектептеріндегі "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының жұмысымен таныстық. Оқушылардың патриоттық руxтағы тәрбие алу үрдісі мен Отаншылдық сезімдері қуантты. Жас буынды құқықтық білімді, мәдениетті де саналы етіп тәрбиелеу бүгінгі күн талабы екені айдан анық.

Мемлекеттік қызмет алушылар көптеп келетін аудандық орталық аурухана ұжымы мен емделушілер де назардан тыс қалмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Шонжы ауылындағы "Айгөлек" балабақшасының ұжымымен кездесті. Нысанды салған жеке кәсіпкер Асимов Бақытжан. Кейіннен мемлекет тарапынан "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы арқылы қажетті құрал-жабдық, жиһаздарын алған. Бүгінде 50-ге жуық бүлдіршінді тәрбиелеп отырған балабақша былтыр Тұңғыш Президент күніне орай ашылған екен. Барлығы 18 адам жұмыспен қамтылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері Ұйғыр аудандық "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының бөлімдерімен кездесу өткізді. Бір ғимаратта отырған 4 мекеме қызметкерлері мен қызмет алу үшін келген тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Мобильді топ өзінің құрылған мақсатына сәйкес, тұрғындарға құқықтық көмек көрсетіп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
13:20
617
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
ВЕДОМСТВОЛЫҚ БАҒЫНЫСТЫ ҰЙЫМДАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ
'); if("undefined"===typeof loaded_blocks_directadvert){loaded_blocks_directadvert=[]; function n(){var e=loaded_blocks_directadvert.shift(); var t=e.adp_id; var r=e.div; var i=document.createElement("script"); i.type="text/javascript"; i.async=true; i.charset="windows-1251"; i.src="//code.directadvert.ru/data/"+t+".js?async=1&div="+r+"&t="+Math.random(); var s=document.getElementsByTagName("head")[0]||document.getElementsByTagName("body")[0]; s.appendChild(i); var o=setInterval(function(){if(document.getElementById(r).innerHTML&&loaded_blocks_directadvert.length){n(); clearInterval(o)}},50)} setTimeout(n)}loaded_blocks_directadvert.push({adp_id:e,div:t})})(1176565)