Пресс-Центр "Капшагай" → Ардақты әжелер! Абзал аналар! Аяулы қарындастар!
СНКР - Kapinfo.kz | Сіздерді ару көктемнің арайлы мерекесі - 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Баршамыздың асыға, тағатсыз күткен көктемнің шырайлы алғашқы мерекесі. Бұл мейрам қашанда ең ізгі, ең ыстық, ерекше мейірімге, жылы сезімдерге толы айтулы күндердің бірі.
Бұл күн – асыл жанды апа-аналарымыз бен жаны жайсаң жеңгелеріміздің қуанышы.
Тарихтың қай бетін ашсаңызда асылда, текті апаларымыздың өнегелі ісі, шырайлы жүзі мен өсиеті ізгілікке толы. Олардың бірі - талай аңызға арқау болса, енді бірі – елінің тыныштығын ойлап, берекесін қорғаған қайсарлығын көрсеткендей.
Олай болса, осынау баянды да берекелі еңбектеріңізге, шын жүректі тілектеріңізге біздің азаматтық алғысымызды қабыл алыңыздар!
Барша сұлулықтың символы болған нәзікжандарды, елге тұтқа, ұрпаққа пана болған ардақты ана, қарындастарымызды тағыда төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!!!
Комментарии