ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ - ТАРИХИ ҚҰЖАТ

СНКР - Kapinfo.kz |

2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жарияланды.
Әр қазақстандыққа қатысты құжатты талқылау үшін 11 қаңтарда Департамент қызметкерлері бас қосты.
Елбасының 2018 жылғы Жолдауы жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Бұл жолдауда шешілуі тиіс 10 мәселе көрсетілген.
Департамент қызметкерлеріне Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп, талқылауды Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев жүргізді.
Жолдауда сегізінші тармағында, яғни тиімді мемлекеттік басқару мәселесінде «Мемлекеттік органдарға бағынышты ұйымдардың санын қысқарту есебінен жекешелендіру жоспарын кеңейте отырып, оны іске асыруды жеделдету қажет.
Әкімшілік шығындарды азайту үшін ведомствоға бағынышты нақты қажетті ұйымдарды мүмкіндігінше біріктіру керек.
Босаған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізуге бағыттау қажет.
Бұл орталықтағы және өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер жалақысының диспропорциясын қысқартады, сондай-ақ жұмыстың сипаты мен тиімділігі ескерілетін болады» деп көрсетілді.
Үкіметке Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, 2018 жылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда осы жүйені енгізудің пилоттық жобаларын іске асыру тапсырылды.
Осы пилоттық жобаға біздің Департамент те кіретіні бәріңізге белгілі.
Бұл қадам - өңірлердегі мемлекеттік қызметтің тиімділік әлеуетін олардың экономикалық дербестігі мен жауапкершілігін арттыру арқылы мейлінше толық ашуға, жалпы алғанда, өңірлік саясат өңірлердің шығындарын теңестіруден жеке табыстарының өсімін ынталандыруға бағытталуға тиіс.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажеттігі және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік беретіндігі айтылған.
Бұл жұмыстар бизнес үшін әкімшілік жүктемені барынша азайту, рәсімдерді жеңілдету және бизнестің мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудің жеңілдетуін мақсатында жасалмақ.
Соңғы жылдары жүргізілген кешенді және жүйелі реформаларын іске асыру нәтижесінде әкімшілік кедергілер елеулі азайды, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы артуда. Бұдан әрі де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді толық электрондық нысанда көрсетуге мүмкіндік бермейтін және азаматтарды әртүрлі анықтамаларды алу үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүр ететін проблемалардан арылуымыз қажет.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық өнімдердің «электрондық үкімет» порталымен жеткілікті ықпалдастырылуын, мемлекеттік қызметтерді толық автоматтандыруды және процестердің үздіксіздігін (өтініш беру мен қызмет нәтижесін алу аралығының ажырамауын) қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізілу қажет.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы әр адаммен туылған сәтінен бастап өмір бойы тығыз қатынаста болады. Сондықтан қызметтер халықтың мұқтажын шешуді жеңілдетудің құралы болуы тиіс.
Мемлекеттік органдар өздерінің қызметтерін тоқтаусыз жетілдіруге, қызметтерді оңтайландыруға және автоматтандыруға, сапалы қызмет алу үшін азаматтарға барлық қолайлы жағдайды барынша жасауға міндетті.
Және де біздің негізгі қызмет бағытымыздың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресті, оның алдын алу мен болдырмау шараларын ары қарай жетілдіру, дамытуға Елбасының халыққа Жолдауының тоғызыншы тармағы негіз болмақ.
Осы туралы айтып өткен Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев: "Елбасының әр Жолдауы белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталады" деп сөзін қорытындылады.

Фото Сымбата Исрапуловы.
Фото Сымбата Исрапуловы.
Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
570

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!