«Саналы азамат» жобасын іске асыру аясында өткізілетін қалалық «Менің мектебім».

«Саналы азамат» жобасын іске асыру аясында өткізілетін қалалық «Менің мектебім».

СНКР - Kapinfo.kz | 1. Жалпы ереже
1.1 Осы Ереже «Саналы азамат» жобасын іске асыру аясында өткізілетін қалалық «Менің мектебім» бейнеролик байқауының мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.
1.2 Байқауды өткізу мерзімі: 2018 жылдың 9-12 ақпан аралығы.
2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
2.1 Қапшағай қаласының қазіргі заманғы білім беру мекемелері туралы жаңа креативті деректі фильм құру.
2.2 Білім беру саласындағы озық технологиялармен алмасу.
2.3 Оқу орнының жетістіктерін насихаттау және көрсету.
2.4 Оқу орындарының арасында шығармашылық байланыстарын кеңейту.
2.5 Оқушыларды мектеп дәстүрін, ұстаздарды және мектепті сыйлауға тәрбиелеу, мектептегі қарым-қатынас және мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
2.6 Графикалық ақпараттарды өңдейтін бағдарламалық ортамен және техникалық құралдармен жұмыс істеуде тәжірбиелік
дағдыларын қалыптастыру.
3. Байқауға қатысу шарттары
Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 7-11-сынып оқушылары қатыса алады. Байқауға Ереже талаптарына сәйкес орындалған жұмыстар қабылданады.
Қалалық байқауға қатысу туралы өтінім 1-қосымшаға сәйкес толтырылып, қалалық білім бөлімінің электрондық поштасына [email protected]. жіберіледі.
4. Байқауды өткізу тәртібі және мерзімі
Байқау 2 кезеңде өткізіледі.
Бірінші кезеңде (сырттай) байқау материалдары қалалық білім бөлімінде 2018 жылдың 9-12 ақпан аралығында қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп жіберілген материалдар байқауға қатыстырылмайды.
Екінші кезең - 2018 жылдың 13-16 ақпан аралығында облыстық байқауға жұмыстар іріктеледі.
Байқау нәтижелері және байқау жеңімпаздары туралы ақпарат 2018 жылдың 19 ақпанында http://www.kapshagay-gov.kz/ білім бөлімі тарапынан жарияланады.
5. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын
негізгі талаптар
5.1 Бейнероликпен бірге файлдың түпнұсқасын (исходный файл) ұсыну.
5.2 Байқауға ұсынылған бейнероликтегі мәліметтер шынайы болуы керек.
5.3 ҚР жарнама туралы заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.
5.4 Байқауға қатысушылар медиа өнімдердің жанырын өздері анықтайды (сұхбат, репортаж, бейнеклип т.б).
5.5 Бейнероликте кино үзінділерін, заманауи және мұрағаттағы суреттерді қолдануға болады. Бейне материал қызықты және қысқаша
баяндалуы қажет.
5.6 Бейнероликтің мазмұны графикалық элементтерден, суреттерден, қаріп, түс, жарық және дыбысттардан құралған әсерлі болуы керек.
5.7 Бейнероликті монтаждауда Movie maker, Pinnacle Sudio, Аdobe Рremiere, Adobe after effects немесе басқа бағдарламаларды қолдануға болады.
5.8 Бейнеролик AVI, mpeg4 форматта DVD дискіге жазылып тапсырылады, ұзақтығы 5-7 минуттан аспауы керек. Файлды сақтағанда: автордың аты-жөні, сыныбы, білім беру ұйымының атауы көрсетілуі тиіс.
6. Бейнеролик тақырыптары
- «Мектеп тарихы – менің тарихым».
- «Мектептің туған күні – менің мерекем!».
- «Менің сыныбымның мектепті мерейтойымен ерекше құттықтауы».
- «Еркін тақырып» - тақырыпты оқушы өзі таңдайды.
Байқауды ұйымдастырушылар
- Қапшағай қаласының білім бөлімі.
7. Бағалау критерийлері
7.1 Бейнеролик мазмұнының таңдаған тақырыпқа сай болуы және байқау талаптарына сәйкестігі.
7.2 Жұмыстың мазмұндылығы: сюжеттің тұтастығы, титулды кадрдың болуы.
7.3 Материалдардың өзара байланыстылығы мен жүйелілігі.
7.4 Цифрлық өңдеудің, графикалық материалдардың (фотосуреттер, кадрлардың үзінділері) және анимациялық эффектілердің сапасы.
7.5 Безендіру эстетикасы мен дизайн сапасы.
7.6 Дыбыстық сүйемелдеу: музыканың сапасы, сөздің анық және сауатты жазылуы.
7.7 Оқушылардың АКТ бойынша білімі, іскерлігі мен дағдылары, жаңашылдығы
7.8 Жеңімпаздарды іріктеу кезіндегі әділқазылар алқасының шешімі соңғы шешім болып табылады және шағымдануға жатпайды.
8. Байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау
Байқау қорытындылары бойынша І, ІІ, ІІІ орын иегерлері, сондай-ақ келесі номинациялардың жеңімпаздары анықталады:
1. «Үздік режиссёр».
2. «Үздік монтаж».
3. «Үздік анимациялық жұмыс».
Әр номинация бойынша бір ғана жеңімпаз анықталады.
Байқау қорытындысы қалалық білім беру қызметкерлерінің тамыз Кеңесінде жарияланады.
9. Байланыс ақпараты
Мекен-жай: Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, 13-үй, 2-қабат.
«Қапшағай қаласының білім бөлімі» ММ.
Байланыс телефоны: (8-72772) 4-61-35.
Электрондық пошта мекен-жайы: [email protected].



Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
1283
СНКР-Kapinfo.KZ

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Итоги спартакиады «ПАПА, МАМА И Я – СПОРТИВНАЯ СЕМЬЯ»
'); if("undefined"===typeof loaded_blocks_directadvert){loaded_blocks_directadvert=[]; function n(){var e=loaded_blocks_directadvert.shift(); var t=e.adp_id; var r=e.div; var i=document.createElement("script"); i.type="text/javascript"; i.async=true; i.charset="windows-1251"; i.src="//code.directadvert.ru/data/"+t+".js?async=1&div="+r+"&t="+Math.random(); var s=document.getElementsByTagName("head")[0]||document.getElementsByTagName("body")[0]; s.appendChild(i); var o=setInterval(function(){if(document.getElementById(r).innerHTML&&loaded_blocks_directadvert.length){n(); clearInterval(o)}},50)} setTimeout(n)}loaded_blocks_directadvert.push({adp_id:e,div:t})})(1176565)