Қапшағай қаласы әкімі Т. Қ. Қайнарбековтің «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған құттықтауы!
СНКР - Kapinfo.kz | Құрметті қапшағайлықтар мен қала қонақтары! Қадірлі жерлестер!
Тәуелсіздік – барша Қазақстан халқының айрықша ардақты күні, мемлекетіміздің мерейлі мейрамы.
Баршаңызды осы төл мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Отанымыздың өтені мен бүгінгісін саралайтын болсақ, қазіргідей абыройы асқан, экономикасы қарқынды дамыған, дербес саясаты бар, болашағына нық қадам басқан Қазақстан бұрын-соңды болған емес. Біз аз уақыт ішінде қуатты мемлекетке, дәулетті елге айналдық. Еліміз өз шекарасын бекітіп алды. Тағдырлары тоғысқан, тарихы табыстырған түрлі этнос өкілдері Қазақстанымызды өркендетуге атсалысып, достықта өмір сүруде. Татулығы жарасқан Қазақстан халқының бейбіт өмірі әлемге үлгі-өнеге болып келеді.
Сондай-ақ, егемен Еліміз халықаралық деңгейде зор жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Соның бір айғағы - бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесін Астана қаласында өткізілуі. Бұл Қазақстанның экономикалық қуатын жаһандық танудың айқын көрінісі.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру идеясы, әлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тартуы, діни конфессиялардың Астанада бас қосуын ұйымдастыруы Қазақстанның сыртқы саясатта алатын орны ерекше екенін көрсетеді. Соның нәтижесі болар, қазір бүкіл әлемде Қазақстанды танымайтын ел, оның сарабдал саясаткер басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты білмейтін мемлекет жоқ.
Туған Отанымыз тәуелсіздік мерекесін осындай тарихи толағай табыстармен қарсы алып отыр. Кеңбайтақ жері бар, құтты мекені бар, жұлдызы оңынан, асығы алшысынан түскен бақытты халықпыз.
Бүгінгі дамыған өркениетті Қазақстанды көруіміз - бұл біздің ортақ жетістігіміз, бұл біздің ортақ жеңісіміз!
Елбасы өзінің Жолдауында: «Біздің ең басты құндылығымыз – ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!» деп ерекше тоқталған болатын.
Олай болса, Тәуелсіздігімізді бірлігімізбен, қажырлы тірлігімізбен нығайта беруіге күш салайық ағайын.
Ардақты ағайын!
Құрметті қауым, Тәуелсіздік-әр халықтың асқақ арманы, қастерлі бойтұмары. Біз - келешегімізге үмітпен қарайтын, өткенімізден өнеге алатын халықпыз. Мәңгілік ел болуға қадам басқан тәуелсіз еліміз гүлдене берсін! Әр шаңыраққа бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін.
Ұлы Дала елінің Тәуелсіздігі мәңгілік болсын!
Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
Комментарии