СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНЫҢ БІРІ

СНКР - Kapinfo.kz |

2017 жылғы 8 қарашада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында бейне-конференция байланыс арқылы облыстық басқармалар, Алматы облысының қала және аудан әкімдіктерінің қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелерін түсіндіру семинарын өткізеді.

Аталған шара аясында облыстағы 19 аудан мен қаланың 500-ден аса мемлекеттік қызметшілері және Талдықорған қаласындағы 40-қа жуық басқарма және департамент өкілдері қатысты.

Кездесу барысында осы күнге дейін өткізілген жұмыс нәтижелеріндегі кемшіліктерге ескерту жасалып, талдау өткізуді оңтайландыруға ұсыныстар енгізілді.

Бұл шараның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмысының сапасы көтеріліп, жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға айтарлықтай үлес қосылатыны анық.

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
01:00
853

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!