«ҚҰПИЯ САТЫП АЛУШЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН БАҚЫЛАУДА

СНКР - Kapinfo.kz |

Алматы облысында мемлекеттік қызметтер 24 орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, 17 облыстық басқармалармен және 19 аудан/қала әкімдіктерімен көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізімі ҚР Үкіметінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Реестрімен бекітілген. Бүгінгі таңда бұл Реестрде 723 мемлекеттік қызмет бар, оның 423-і Алматы облысының мемлекеттік қызмет көрсетушілерімен жүзеге асырылып келеді (201 қызмет – орталық атқарушы органдармен, 225 – жергілікті атқарушы органдармен, 3 қызмет екі органмен де көрсетіледі).

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне (әрі қарай - Департамент) 2017 жылдың 9 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалардан жалпы саны 101 өтініш келіп түсті.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау мақсатында Департамент ағымдағы жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін қоғамдық белсенділермен бірлесіп «Құпия сатып алушы» әдісі арқылы бақылау жүргізді.

Жоба барысында мемлекеттік қызмет көрсететін 46 ұйымды бақылады, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы да бар. Қорытындысы бойынша 56 заңбұзушылық анықталды, мысалы:

-делдалдық көмек көрсететін заңсыз «көмекшілердің» болуы(мысалы, Талғар ауданындағы тіркеу-емтихан тапсыру бөлімшесінде «жүргізуші куәлігін» алаушыларға қызметтің жылдам көрсетілуіне «көмектеседі»);

- ұзын-сонар кезектер, әкімшілік (бұл өз кезегінде бюрократиялық құбылыстардың қалыптасып, сапасыз қызмет көрсету, делдалдардың пайда болуы, қызмет көрсету мерзімдерінің созылуына әкеп соғады);

- нақты кеңес бермеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы дұрыс мәліметтер ұсынбау, күту залдарының болмауы, мүгедек адамдарға жағдай жасалмауы, т.б. болуы.

Департамент тарапынан барлық анықталған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар жолданып, олардың орындалуы қатаң бақылауда.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру, стандарттар мен регламенттерді сақтау сияқты бағытта 37 оқыту семинары өткізілді.

Алдағы уақытта Алматы облысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, жетілдіру және қағазбастылық пен бюрократизмнен арылу үшін «Құпия сатып алушы» жобасы тұрақты түрде жалғасады.

Сізде, оқырман, азаматтық белсенділік танытсаңыз болады!

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
01:00
678

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!