ПАНФИЛОВ АУДАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

СНКР - Kapinfo.kz |

Қазіргі таңда «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі жүзеге асып келеді.

Елбасы атап өткендей, қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды.

Ұлт жоспарының бірінші бағыты – кәсіби мемлекеттік аппарат құру. Ол үшiн 15 нақты қадам белгiленген. Құжаттың осы бөлімінде кадрларды іріктеудің, бағалаудың нәтижесінде жоғарылаудың жолдары қарастырылған. Ұлт жоспарының кадрдан басталуы – еліміздің әлеуметтік-экономикасының дамуы олардың біліктілігіне, іскерлігіне халық алдындағы адалдығына тікелей байланысты екендігін тағы да дәлелдеп отыр.

Бүгінгі күннен бастап, Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев Алматы облысының аудандарында мемлекеттік қызметкерлермен қазіргі таңда кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында атқарылған шаралар мен алдағы жоспарлар туралы семинар өткізуде.

Панфилов ауданында жалпы саны 207 әкімшілік мемлекеттік қызметші бар. Ұлт жоспарының 15-қадамына сәйкес, кешенді аттестаттаудан ауданның 153 мемлекеттік қызметкері өтіп, оның қорытындысы бойынша 8 – жоғарылатуға ұсынылса, 144 – атқарып отырған лауазымына лайық деп танылып, 1 – жұмыстан шығаруға ұсынылған.

Семинар барысында С.Нұрғисаев Департаментпен атқарылған жұмыстар туралы, оның ішінде мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарын сақтауы, бұзылған жағдайдағы жауаптылығы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы шаралар туралы айтып өтті.

Сондай-ақ, елімізде басталған «А» корпусы кадр резервіне іріктеу науқанының басталғаны туралы ақпараттық мәлімет беріп, түсіндіріп өтті.

Семинарға барлығы 240 мемлекеттік қызметші қатысты.

Шара қорытындысы бойынша қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
99
Сымбат Исрапулова

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!
Экс-начальник полиции объявлен в розыск.
'); if("undefined"===typeof loaded_blocks_directadvert){loaded_blocks_directadvert=[]; function n(){var e=loaded_blocks_directadvert.shift(); var t=e.adp_id; var r=e.div; var i=document.createElement("script"); i.type="text/javascript"; i.async=true; i.charset="windows-1251"; i.src="//code.directadvert.ru/data/"+t+".js?async=1&div="+r+"&t="+Math.random(); var s=document.getElementsByTagName("head")[0]||document.getElementsByTagName("body")[0]; s.appendChild(i); var o=setInterval(function(){if(document.getElementById(r).innerHTML&&loaded_blocks_directadvert.length){n(); clearInterval(o)}},50)} setTimeout(n)}loaded_blocks_directadvert.push({adp_id:e,div:t})})(1176565)