«АЗАМАТТЫҚ БАҚЫЛАУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

СНКР - Kapinfo.kz |

2017 жылғы 23 тамызда Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында «Азаматтық бақылау» жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Innovation-Koldau» Қоғамдық Қоры ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлының қоғамдық қабылдауын ұйымдастырып өткізді.

Қабылдауға келген 5 азамат баспана кезегі, жер телімін алу, тегін дәрі-дәрмектің уақтылы берілмеуі, шағын кәсіпкерлік мәселелері бойынша жүгінді.

Екі азаматқа қабылдау барысында құқықтық көмек көрсетілсе, 3 азаматтың сұрағы сәйкесінше мемлекеттік органдарға жолданды.

«Азаматтық бақылау» жобасы биыл екінші мәрте жүзеге асырылып отыр. Биылғы бөлінген қаражат мөлшері 3,556 мың теңге. Жоба Алматы облысында өз қызметін ағымдағы жылдың маусым айынан бастады. Бүгінгі күнге дейін32 арыз-өтініш қабылданып, 7 адамға құқықтық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, «Азаматтық бақылау» жобасының аясында Арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Қоғамдық омбудсмен» қызмет көрсетіп келеді.

«Азаматтық бақылау» жобасымен жұмыс атқаратын «Innovation-Koldau» Қоғамдық Қоры Талдықорған қаласы «Құс жолы» кешенінің 2-қабатында орналасқан.

Қоғамдық қабылдаудағы айтылған азаматтардың ой-пікірлері мен өтініштерін жариялау мақсатында қабылдауға өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
01:00
458

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!