Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

СНКР - Kapinfo.kz |

Білім беру саласының маңызы қоғам мен мемлекет үшін әрдайым жоғары. Қазақстан Республикасындағы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған аймақтық іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету және білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті кеңінен жүргізу мақсатында білім беру саласында жұмыстар атқарылуда.

Дегенмен, білім беру саласы бүгінде сыбайлас жемқорлыққа анағұрлым бейім салалардың бірі болып тұр.

Өйткені, мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуде атқарылып жатқан шараларға қарамастан, осы саладағы жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық әрекеттері орын алуда.

Мысалы: мемлекет қаражатын жымқыру, лауазымдық қызметін асыра пайдалану, парақорлық және қызметтік қолдан жасалған кедергілер орын алуда.

Осындай жағдайларды ескере отырып, ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментімен (әрі қарай - Департамент) 2016 жыл және 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша Алматы облысының мектепке дейінгі тәрбие және білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді.

Талдау жасауға негіз ретінде Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар және Іле аудандарының білім бөлімдерінің қызметі алынды.

Талдаудың қорытындысы облыстық білім басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы өкілі, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының Қазақстандық қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша филиалының директоры, аудандық, қалалалық білім бөлімдерінің басшылары мен мамандары, осы салаға жауапты әкім орынбасарлары, жекеменшік балабақша меңгерушілерінің қатысуымен арнайы семинар-кеңесте талқыланды.

Аталған сала қызметіне жасалған талдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері келесі жағдайларда көрініс алған:

  • - сала қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі қарама-қайшылықтар;
  • мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілер;
  • - мемлекеттік қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің тікелей байланыс тәуекелі;
  • - «жасырын» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерінің анықталуы;
  • - балабақшаға кезекке тұру кезіндегі артықшылық көрсету және кезектен тыс балабақшаға қабылдау фактілері;
  • - санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы;
  • - сонымен қатар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы да өзгерістер мен толықтыруларды қажет етіп отыр.

Осылайша, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында 23 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға байланысты білім бөлімдеріне ұсыныстар берілді.

Берілген ұсыныстар уақытылы орындалса, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға жасалған сыртқы талдау жұмысы оң нәтижесін берді деп есептелетіні сөзсіз.

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
01:00
569

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!