СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОПТАР АЙМАҚТАРДА

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ СЕРІКБАЙ НҰРҒИСАЕВТЫҢ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОПТАР АЙМАҚТАРДА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БАҚ ҮШІН БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІНЕН ҮЗІНДІ

Баспасөз конференциясы өткен күн: 2017 жылғы 30 мамыр, сағат 12:00.

Баспасөз конференциясы өткен орын: Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі 28, «Журналистер үйі», 2 қабат, кіші зал.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Спикер: Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы

Мазмұны: Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Елбасы биылда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық деп айқын бекітілген. Әрбір азамат еркін, заңмен тыйым салынбаған кез келген әдіспен ақпарат алу құқығы бар, сондай-ақ мемлекеттік органдар қол жетімділігін қамтамасыз етіп, ақпаратты беруге міндетті.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде, Алматы облысында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтарды жедел қабылдау мақсатында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар құрылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топның негізгі мақсаты - Алматы облысының тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудіңқол жетімділігін арттыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Мобильді топтардың құрамына «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес және кәсіподақтар ұйымдарының өкілдері, аумақтағы Құрметті азаматтарды, мәслихат депутаттары, ардагерлер, көрнекті қоғам қайраткерлері, белсенді жастар қатыстырылып, Алматы облысының 19 аудандары мен қалаларында арнайы безендірілген 22 автокөлік жылжымалы түрде жұмысын жүзеге асыруда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері аудандарда құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелерімен бірлесіп Алматы облысының ауыл – аймақтарын аралап, мекеме қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізіп, 173 еңбек ұжымдарында кездесулер өткізді.

Осы күнге мобильді топ мүшелері Алматы облысының 30 мыңға жуық тұрғындарына сыбайлас жемқорлық көріністері немесе мемлекеттік қызмет алу барысында кедергілерге тап болған жағдайда қалай әрекет ету туралы кеңестер беріліп, тұрғындардың өзге де мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Алдағы уақытта мобильді топтың автобусы мемлекеттік қызметтер көрсету орындарында жылжымалы қоғамдық қабылдаудың рөлін атқарып, жыл бойы тұрақты түрде жалғасады.


Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
19:34
548

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!