«ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!» АТТЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Талдықорған қаласының жалпы білім беру мектептері арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған турнир өз мәресіне жетті.

Спорттық шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Талдықорған қаласының әкімдігі мен қалалық футбол федерациясы болды.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында спортты және дене шынықтыруды насихаттау, балалар футболын дамыту, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу болып табылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы футбол турнирі 4 жастық топ арасында өтті: 3-4 сыныптар арасында, 5-6 сыныптар арасында, 7-8 сыныптар арасында және 9-11 сыныптар арасында.

Аталған турнирге 88 команда, 1300-ден астам қала оқушылары қатысты.

26 мамыр күні арнайы ұйымдастырылған салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Сабырбаев пен қала әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға кубоктар мен дипломдар табыс етіп, медальдармен марапаттады.

Өз сөзінде Д.Сабырбаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру – ең алдымен белсенді жастарды ынталандырып, қолдауда екендігін айтты.

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
19:05
514

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!