ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СИНГАПУРДЕ ОҚЫП ҚАЙТТЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СИНГАПУРДЕ ОҚЫП ҚАЙТТЫ

СНКР - Kapinfo.kz |

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы А.Шпекбаевтың бастамасымен Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп, Астана хабының қоолдауымен бірнеше мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері Сингапур мемлекеттік қызмет колледжінде (Civil Service College (CSC) Singapore) оқып қайтты.

Оқу мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру, мемлекеттік органның тиімді жұмыс істеуіне қажетті білім мен тәжірибе алу, сондай-ақ халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдар және академиялық институттармен іскерлік қарым-қатынас құру әрі тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Сингапурлық мемлекеттік қызметті ұйымдастыру моделі халықаралық ұйымдардың пайымдауынша ең үздік деп танылған.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін жетілдіру қазақстандық мемлекеттік қызметті кәсібилендіру бойынша стратегиялық тапсырмаларда көрсетілген. Мінсіз мемлекеттік қызмет құру үшін басқа елдердің ең тиімді жұмыс тәсілдерін оқып білуіміз қажет.

Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Данияр Таумұрат оқудан алған әсерімен бөлісті: «Оқу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы озық тәжірибені зерделеуге мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстық. Мәселелердің шешімін табу жөнінде ой бөлісіп, күрделі сұрақтар бойынша пікір алмастық. Сингапур мемлекеттік қызметінің тәжірибесін зерделеу барысында алған білімдерімізді Қазақстандағы мемлекеттік қызметті реформалауды сәтті жүзеге асыру кезінде қолдануға мүмкіндік зор деп сенемін».

Оқу аясында қазақстандық мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тергеу бюросының жұмысымен танысты.

Сингапурде оқып келген мемлекеттік қызметшілер ендігі кезекте теориялық және практикалық білімдерін күнделікті қызметінде тиімді пайдалануы тиіс.

ҚР МҚІЖСЖҚІҚА баспасөз қызметі

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
63

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!