МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЕЛБАСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» МАҚАЛАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

СНКР - Kapinfo.kz |

Бүгін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын облыстық мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен алғашқылардың қатарында болып талқылады.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының ауқымы өте кең. Ең бастысы, бұл мақала әркімнің жүрегіндегі патриоттық, Отансүйгіштік сезімді күшейтуге бағытталған.

Елбасының сенімін арқалап, халық пен билік арасындағы байланыстырушы саналатын мемлекеттік қызметшілердің алдында облыстың беделді азаматтары, қоғам қайраткерлері сөз сөйледі. Олардың қатарында, мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шыққан, абыроймен талай жылдар басшылық лауазымдарды атқарған, бүгінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлы, Жетісудың төл газетінің бас редакторы, ақын, жазушы Әрін Әміре Әрінұлы, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Рахипова Сайра Қасымқызы болды.

Талқылау барысында жиналғандар арасынан суырып сөз алып, өз оын ортаға салғандар да көп болды. Атап өтсек, облыстық экология департаментінің басшысы Байеділов Қонысбек Ескендірұлы еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту мен мақалада аталған Қазақстан алмасы мен қызғалдағы туралы айтып өтсе, облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Қаныбеков Мейрамбек Махамбетәлиұлы жастарды тәрбиелеу, тілге деген құрмет пен Отансүйгіштік туралы айтты. Бұл ойды толықтырып, сөз қосқан облыстық қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының Төрағасы Сәкенов Советхан Сәкенұлы болды. Жиналған жас мемлекеттік қызметшілер атынан ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Исрапулова Сымбат өз ойымен бөлісті.

Әрдайым, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігі терең, ал әдебі мен мәдениеті биік болған жағдайда елдің алдында абыройы асып, артылған міндеттерді мүлтіксіз атқаратындығы белгілі.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы әр мемлекеттік қызметшінің рухани қорын толықтырып, ой мен санасын байытады деген үміттеміз.

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
82

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!