ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДА

ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚОРҒАУЫНДА

СНКР - Kapinfo.kz |

"Protecting business and investments" (бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау") жобасын іске қосу көптеген компанияларға инвестициялық жобаларды толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Жобаны жүзеге асыру аясында Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылында орналасқан жылына 4000 тонна қағаз өнімдерін өндіретін және өңдейтін зауыт басшылығымен кездесу өтті. Аталған жобаны "NUR KAGAZY" ЖШС (Нұр қағазы) отандық компаниясы жүзеге асырады, бұл компаниямен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті а. ж. тамыз айында инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойды.

Инвестициялық жобаның негізгі мақсаты кәсіпорындар мен халықтың сапасы бойынша шетелдік аналогтарға кем түспейтін жоғары сапалы қағаз өнімдеріне қажеттілігін қанағаттандыру және өндірілетін картон мен қағаз экспортын қанағаттандыру болып табылады.

"NUR KAGAZY" ЖШС осындай жоғары технологиялық жобаны жүзеге асыру аясында макулатураны қайта өңдеу желісін және картон мен қағаз жасау желісін сатып алды. "NUR KAGAZY" ЖШС жобасын іске асыру жергілікті бюджетке айтарлықтай салық түсіруге жағдай туғызады.

Сонымен қатар, мұндай жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жобаға 120 адам қатысты. Болашақта жобамен жалпы саны 250 адам қамтылатын болады, негізгі өндіріске қатысатын персонал оқытудан өтетін болады.

Компания өкілі Мақпунова Назым жобаның қазіргі жағдайы туралы айтып берді, оны іске қосуға дайындығы 90% құрайды, яғни ҚМЖ аяқталды, қазіргі уақытта жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жағдай: іске қосуға дайындық 90%, яғни ҚМЖ аяқталды,қазіргі уақытта жабдықты монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Зауыттың ашылуы 2018 жылдың қараша айына жоспарланып отыр.

СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
63

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!