ӘР АДАМНЫҢ АРМАНЫ БОЛУЫ КЕРЕК!

ӘР АДАМНЫҢ АРМАНЫ БОЛУЫ КЕРЕК!

СНКР - Kapinfo.kz |

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы басшысы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев жұмыс сапары барысында өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан Еңбекшіқазақ ауданының өндірістік объектілеріне барды.

Бірінші болып Еңбекшіқазақ ауданының Көктөбе ауылдық округінде орналасқан инвестициялық жобалар тізіміне кіретін "Әлімжанов ЖК" шаруа қожалығы болды. Жалпы мал басы-750 ІҚМ құрайды, бордақылау алаңдары дайын, әрі қарай жылқы үшін де салынатын болады. Қазіргі уақытта 30 бас саууға арналған "Шырша" сауу залын дайындау жүріп жатыр. Бұл процесс жылына 2350 тонна сүт өнімдерін өндіру және ірі қара мал басын 100 басқа ұлғайту бойынша жобаның мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, шаруашылық өнімдері "Данон" сияқты ірі компанияның сүт өнімдерін өндіру үшін жеткізіледі. Шаруа қожалығының жетекшісі Әлімжанов Тілек Сәкенұлы болашақ жоспарлар туралы және әрбір адамның арманы болуы туралы айтып өтті. Өйткені арман - жаңа шыңдарды бағындыруға шабыттандырады, соның арқасында бізді дамытып, жаңа білім алу үшін санамыздың ашылып, содан кейін алған білімімізді қоғам игілігі үшін қолдануға болатынына сенімді.

Кезінде АҚШ -на барып, автоматтандырылған сиырларды сауу жүйесін көргенде, болашақта Қазақстанда да осындай ыңғайлы да тиімді әдіспен жұмысты нәтижелі орындау туралы армандайтынын баяндады. Сананың ашықтығы, білімге құштарлығы мен талмай еңбектенудің нәтижесінде бүгінгі таңда осындай технологиялар біздің елімізде кеңінен қолданылуда.

Сонымен қатар, "Голдпродукт" АҚ жүйе құраушы кәсіпорнының жұмысымен таныстырылып өтті. Бұл кәсіпорын 20 жылдан бері жұмыс істейді (1998 жылдан бастап) және консервіленген көкөністер, сондай-ақ маусымда 20 тоннадан астам алма мен жүзімді өңдеу желісі бойынша өнім шығарады, осылайша 300-ге жуық жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
47

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!