ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА

ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА

СНКР - Kapinfo.kz | Ағымдағы жылдың қазан айында облыс инвесторларымен инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау туралы тағы 3 келісімге қол қойылды. Аталған іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаевтың Еңбекшіқазақ ауданының кәсіпкерлерімен кездесуі барысында өтті.

Күн электр станциясын, байпас протеині мен соя майын өндіретін зауыттың, жеміс бақтарын салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыратын 3 компанияның басшылары "PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS" жобасы аясында Департаментпен жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Аталған кездесуге аудан әкімі Ысқақ Бинәлі Әбдіқапасұлы, "Қазақинвест "ҰК" АҚ Аймақтық өкілдігінің директоры Бейдали Марк Бейдалиұлы, Алматы облысы Кәсіпкерлер Палатасы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының басшысы Дүйсебекова Бақытгүл Дүйсебекқызы, сондай-ақ аудандағы 30-дан астам жүйе құраушы кәсіпорын өкілдері және ауданындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын компания басшылары қатысты.

СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
37

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!