Қоғаммен қарым-қатынас ашықтық негізінде жүргізілуде

Қоғаммен қарым-қатынас ашықтық негізінде жүргізілуде

СНКР - Kapinfo.kz |

Президент өз Жолдауында «Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс. Бұл арқылы тұрақты кері байланыс орнығып, мемлекеттік саясаттың нақты шаралары мен нәтижелері қызу талқыланып, жұртшылыққа түсіндіріледі», - деп атап өтті.

Ал Жетісу жерінде атқарылып жатқан жұмыстары туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінде халықпен сапалы және шұғыл кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыруда. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне осы күнге дейін 40-тан астам өтініш келіп түсті. Көбінесе халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайына қатысты сауалдар қойылса, сондай-ақ, құқықтық көмек сұрағандар да бар.

Алматы облысында халықпен кері байланыс жүргізу жүйесінің тағы бір тиімді моделі - арнайы мониторингтік топтар саналады. Белгілі бір мәселе бойынша өтініші мен талап-арызын табыс етіп, не болмаса шұғыл кеңес алуды қалайтын азаматтар аталған топтың мүшелеріне хабарласа алады.

Сонымен қатар, облысымызда «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтар жұмыс атқаруда. Олар ел арасында «көшпелі қабылдау пункттары» ретінде қызмет етуде.

Мобильді топтар 1034 еңбек ұжымында ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізіп, 89 мыңнан астам адамды қамтыды.

Халықпен тікелей байланыс жолы ретінде Департаменттің Фейсбук, Вконтакте, Инстаграмм әлеуметтік желілерінде парақшалары да қарастыруға болады. Күнделікті өткізілген шаралар, сауалнамалар мен интернет-конференциялар жарияланып отырады.

Сондай-ақ, Департамент қарауына заңды және жеке тұлғалардан 2017 жылы келіп түскен 885 өтініш, биылғы жылы 9 айдың қорытындысы бойынша тіркелген 726 өтініштің барлығы өз мерзімінде қаралып, заңға сәйкес жауаптары берілді. Бұл өз кезегінде тұрғындар тарапынан мемлекеттік қызметке сенімі артуына себеп.

«Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау параметрі бойынша 2017 жылдың қорытындысы бойынша Агенттік ең ашық, жариялылық қағидасын ұстанған мемлекеттік орган болып табылды (мүмкін болатын 100 баллдың 98-ін жинаған). Демек, сақтап қалар көрсеткішіміз бар, оған жетер тетіктер де айқындалған», - деп Департамент Серікбай Өрікбайұлы Нұрғисаев сөзін қорытындылады.

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
91

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!