ЛӘЗЗАТ БЕЙСЕҚҰЛОВА: «ЖАҢА ЖАЛАҚЫ ЖҮЙЕСІ ШЕТЕЛДЕ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛАДЫ»

ЛӘЗЗАТ БЕЙСЕҚҰЛОВА: «ЖАҢА ЖАЛАҚЫ ЖҮЙЕСІ ШЕТЕЛДЕ КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛАДЫ»

СНКР - Kapinfo.kz |

13 қыркүйекте Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР МҚІЖСЖҚІҚА Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ләззат Бейсеқұлова факторлы-баллдық шкала негізінде мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлемдерінің мемлекеттік органдарда енгізілуі туралы айтылды.

Бұл жүйенің ескі жалақы төлеуден көптеген ерекшеліктері бар. Соның бірі - лауазымдық жалақының мөлшерін анықтау үшін жұмыс тәжірибесін есептеудің жаңа тәртібі болып табылады.

Егер бұрын мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі ескерілсе, енді қазір ұқсас лауазымдардағы функционалдық бағыт бойынша тәжірибесі ескеріледі.

Келешекте ауысулар болған жағдайда, жалақының қалыптастырылуы кезінде төменгі лауазымдағы еңбек өтілі есептелетін болады.

Ләззат Бейсеқұлова өз сөзінде: «Жаңа жалақы жүйесі шет елдерінде кеңінен қолданылады, атап өтсем, Франция, Германия, АҚШ сияқты алдыңғы қатарлы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде жүзеге асырылуда», - деді.

Осы жүйені қолданатын елдерге көз жүгіртіп қарасақ, мысалы, АҚШ-та жалақының жалпы шкаласы (General Schedule) 15 грейдтен тұрады, олар бойынша лауазымдар күрделілік деңгейі, жауапкершілік деңгейі және қажетті біліктілігі бойынша бөлінеді.

Бір грейд бойынша диапазон орташа 10 қадамнан тұрады. Еңбек өтілі тиісті грейдте ғана ескеріледі.

Осылайша, бір грейд шеңберінде (лауазым) жалақының ең төменгісінен ең жоғарғысына көтерілу үшін шамамен 18 жыл қажет болады.

Анықтама үшін айта кетсек, жалпы алғанда, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы шамамен ірі жеке компаниялардағы осындай біліктілігі бар мамандардың сыйақысынан 12%-ға төмен (нақты сандар -21%-дан +2%-ға дейін штаттарына байланысты бөлінеді).

Бұдан басқа, сыйақылар қосындысының мөлшері (медициналық сақтандыру, зейнетақылық жоспарлар және т.б. сияқты жеңілдіктердің құнын қосқанда) жеке секторға қарағанда орташа есеппен 10%-ға жоғары (диапазон -6%-дан +42%-ға дейін).

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
113

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!