ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СНКР - Kapinfo.kz |

Ағымдағы жылдың 26 маусымында Талдықорған қаласы Тіл сарайында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты Алматы облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Аталған отырыста Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) «Жасырын тұтынушы» әдісімен өткізілген іс-шаралар талқыға салынды.

Департаменттің жүзеге асырып жатқан шаралары Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан оң бағаға ие болды. Әсіресе, отырысқа қатысқандар Департаменттің ашықтығын жоғары бағалады.

Оған қоса, Қоғамдық кеңес мүшелері Департаменттің қоғам қайраткерлерімен бірлесе «Жасырын тұтынушы» әдісімен мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау бойынша өткізіп жатқан жұмыстарын басқа мемлекеттік органдарға үлгі етіп, өз жұмыстарында заманауи тәсілдерді қолдануды тапсырды.

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
74

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!