ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!

СНКР - Kapinfo.kz | Сіздерді 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Ұлы Жеңіске 73 жыл. «Ешкім де, ештеңе де, ешқашан да ұмытылмайды».
Сондықтан да Отан үшін жанын пида еткен жауынгерлерімізді жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің, кейінгі ұрпақтың ең басты парызы.
Шартарапты шарпыған Ұлы Отан соғысы, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматымыздың жүрегіне қаралы ізін қалдырғаны белгілі. Соғыс жылдары Отан үшін от кешіп, ерлікпен шайқасқан сұрапыл жылдарда Қазақстанан 2 млнан астам адам майданға аттанған. Соның ішінде ерліктің нағыз үлгісін көрсеткен Қапшағай қаласының 367 азаматының батырлығы мен ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.
Құрметті ардагерлер, біз Сіздер сияқты жеңімпаз әкелердің ұрпағы екенімізді әрдайым есте сақтаймыз. Біз сіздердің сол сұрапыл соғыстан аман шығып, бүгінгі ұрпақты береке-бірлікте, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне ат салысып ортамызда жүргендеріңізге қуанамыз, мақтан етеміз.
Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да - Ұлы жеңістің жемісі. Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін. Мереке құтты болсын, ағайын!

Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
23:00
530

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!