ТАУАРЛАРДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА

ТАУАРЛАРДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДА

СНКР - Kapinfo.kz | Салық салу мақсаттары үшін Салық кодексінің 1-бабының 65) тармақшасы тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы айқындаған.

Тауарлармен электрондық сауда – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;
тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
Салық кодексінің 1 баптың 29) және 30) тармақтарымен интернет-алаң және интернет-дүкен тұжырымдары берілген.
Сонымен бірге Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.
Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.
Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады қағаз жүзінде немесе «E- лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы арқылы электронды түрде хабарлама жіберуге болады (бұдан әрі – МДБ ЕЛ).
Бұдан басқа, Салық кодексінің 89 және 90-баптарында белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру, сондай-ақ оларды тіркеу туралы жазбалардан шығару тәртібі белгіленген.
Комитет келесі жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурсында (электрондық коммерция қойындысы) СТ тізімін жариялайды.
Салық кодексінің 293 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылдың 25 желтоқсандағы № 121-VI ЗРК Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы заңының 257 баптың 2 тармағы 2020 жылдың 01 қантарына дейін келесі редакциясында әрекет етеді: «жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
дара кәсіпкердің осы Кодекстің 366-бабына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі,
алу
тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісі
алу
осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында көзделген, кірісті түзету сомасы,
алу
осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген мөлшерде және тәртіппен салықтық шегерімдер сомасы.
Дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, егер осындай қызмет операциялары бойынша пайда болған теріс бағамдық айырма сомасынан оң бағамдық айырма сомасының асып кетуі ескеріле отырып, тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер дара кәсіпкердің салықтық кезең үшін жиынтық түрде алған кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, жүргізіледі. Бұл шарт сақталмаған кезде дара кәсіпкер осы тармақтың бірінші бөлігі үшінші және төртінші абзацтарының ережелерін қолдануға құқылы емес».
Сондай-ақ Заңының 48-бабының сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер патент құнына кіретін жеке табыс салығының сомасын есептеуді, 1 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алынатын кірістерді қоспағанда, салық салу объектісіне 2 пайыз мөлшерінде мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізеді деп анықталған.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде тіркелген СТ-лерге Салық кодексінің нормаларына сәйкес салықтық преференциялар беріледі.
Салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру мақсатында салық кодексімен келесі назарда ұстайды.
Салық кодексінің 28 баптың 2 тармақ бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту, дара кәсіпкер кірісінің салық салынатын сомасын дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту, жеке тұлғаның салық салынатын кірісін дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне азайту бөлігіндегі нормаларын қолданатын тұлғалар осындай қызмет жөніндегі ақпаратты тұрған жеріндегі салық органына уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша беруге міндетті.
Тіркелген СТ ақпараттың әр күн сайын жасалатын әр мәміле бойынша немесе заңды тұлғалар үшін тоқсан сайын, жеке кәсіпкерлер үшін - жыл сайын электронды шот-фактураны (ЭШФ) беру арқылы ақпаратты ұсыну нысанын таңдайды. Бұл жағдайда, егер ЭШФ шығаруы туралы шешімді СТ қабылдайтын болса, жасалған мәмілелер туралы ақпарат нысанын ұсыну міндеттемесі туындамайды.
Сонымен бірге Салық кодексінің 24 баптың 17) тармағы бойынша Салық кодекстің 88-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген қызмет бойынша тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер бойынша банктік шоттардың бар екені және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті.
Салық кодексінің 28 баптың 3 тармағы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.
Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, тауарлармен электронды сауданың тасымалдауға, тауарлар жеткізілетін тұлғалардан және СТ-мен көшіріп алған ЭШФ-ның ақпараттарына сәйкес, 293-бабының 1 тармағының 65) тармақшасыны, 3-тармағын, Заңның 33-бабының 2) тармақшасыны сақталуына байланысты автоматтандырылған қамералдық бақылау өндіріледі.
Сообщает:
СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
01:00
285

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!