Менің мұражайдан алған әсерім

Менің мұражайдан алған әсерім

СНКР - Kapinfo.kz | «Туған жер» бағдарламасын іске асыру барысында № 3 орта мектепттің тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруы мен Есік қаласындағы мемлекеттік мұражайға саяхатқа бардым.

Бұл мұражайдан алған әсерім көне тарихи жәдігерлермен таныстым. Сонымен қатар сақ тайпаларының өмірінен көптеген қызықты мәліметтер алдым. Осы қаладан атақты сақ тайпасының қорғаны табылғандағы туралы білдім.

Алтын адамның сүйегі және оның 17 жастағы боз бала болғандағы туралы деректермен таныстым. Алтын адамның киімдерінде 4000 мыңға жуық алтынмен әшекейленгені мені таң қалдырды.

Сақтардың пайдаланған заттарында аң стилі бейнеленгенін, сол замандағы адамзаттың қолданған әшекей бұйымдары, ыдыс- аяқтары мен таң қалдырмай қоймады.

Мұражайдан қайтар жолда қазақ даласында сыры ашылмаған тарихи жәдігерлердің көп екеніне көзім жетті.Қойнауы сырға толы ұлы даламыздың тарихи құнды жәдігерлері баға жетпес байлығымыз екенін ұғындым.



СНКР - kapinfo.kz Служба Новостей Капшагайского региона СНКР - Kapinfo.kz |
00:00
311

Комментарии

Нет комментариев. Ваш будет первым!